Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет - Мұсабаев (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет - Мұсабаев (толық нұсқасы)

Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет - Мұсабаев (толық нұсқасы)

Астана. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет. Бұл туралы Астанада 13-14 қарашада өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 955
Фото - Caravan.kz

«Кіші комиссия Байқоңыр ғарыш айлағында жүзеге асырылып жатқан ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды күшейту қажет деген тұжырым жасады. Тиісті мемлекеттік органдарға қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын бұлтарыссыз орындауды құқықтық жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын жеделдетуге тапсырма берілді. Бұл — бүгінгі күнгі ең өзекті мәселе», — деді Т. Мұсабаев.

Тараптар сонымен бірге Байқоңыр қаласындағы мектептерде білім беру процессіне қатысты мәселелерді талқылады. «Бұл да маңызды мәселелердің бірі және азаматтардың өз мемлекетінің мемлекеттік стандарттарына сай білім алу жөніндегі конституциялық құқықтарының сақталуына байланысты», -деді Т. Мұсабаев.

«Сондай-ақ, Қазақстан азаматтары Байқоңыр ғарыш кешенінің аумағынан көшкен немесе Ресей Федерациясының кешенді жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда олардың зейнетақы алу құқықтарына кепілдік беру мәселелеірн одан әрі дәйектеу жөнінде тапсырма берілді», — деді ол.

Сондай-ақ, Т. Мұсабаевтың атап өткеніндей, «Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін реттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуді одан әрі жалғастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Өйткені, ол Қазақстандағы орташа тарифтерден жоғары екені белгілі . Сөйтіп, әлеуметтік мәселелер блогына баса назар аударылды».

Т. Мұсабаевтың айтуынша, тараптар «Байқоңыр» кешеніне бару тәртіптері жөніндегі келісімнің жобасына қатысты жекелеген қайшылықтар бойынша келісімге келді. Құжат дайын болды, «қазір екі жақтың да мемлекеттік органдарында келісілу үстінде». «Бұл Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстан жүзеге асырып жатқан жобаларға қатысушы және оны құрушы РФ мен Қазақстан азаматтары мен мамандарын айлақ аумағына жіберу мүмкіндігін енді Қазғарыш басшылығы жүзеге асыра алады деген сөз», — деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, келісімдерді қысқа мерзімде аяқтау қажет.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесі бойынша тараптар үкіметаралық комиссияның «Байқоңыр» ғарыш кешені жөніндегі кіші комиссиясының 11-отырысының хататамасына қол қойды. Қол қойылған хаттамада «Байқоңыр» кешенінің жұмыс істеуіне қатысты туындаған мәселелерді реттеу үшін әріқарай шара қолдану жайлы айтылған. «Қазақстан» қонақ үйін және келешекте қазақстандық мамандар тұратын екі тұрғын үйді реконструкциялау үшін оны Қазақстанның кәсіпорнына беру мәселесі шешімін тапты.

«ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Байқоңыр қалалық әкімдігі Байқоңыр қаласының шекараларын қалпына келтіру бағытындағы бірлескен жұмыстарды аяқтады», — деді Т. Мұсабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар