Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыштық аппараттың жүйелері тексерілгеннен кейін, 23-мамырда «Фотон-М» №112 алаңдағы монтаждау және сынақ корпусынан №2Б алаңындағы монтаждау-сынақ алаңына шығарылды. Онда пневмовакуумдық сынақтар жүзеге асырылады.
«Фотон-М» ғарыштық аппаратына ғылыми құрал-жабдықтар зымыран-тасығышпен құрастырар алдында ғана орнатылады. Ғылыми зерттеулерге арналған жабдықтар мен биологиялық сынамалар Голландиядан Байқоңырға 26-мамырда жеткізіледі, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сынақтардан кейін ғарыштық аппарат зымыран тасығыштың негізгі бөлігімен түйістіріледі.
«Ұшып жүретін зертханаға» айналатын «Фотон-М» жер серігінің көмегімен материалтануға бағытталған және сұйықтық физикасы саласындағы зерттеулер жүргізіледі.
Мемлекеттік комиссияның жиналысы 30-мамырда өтіп, ол «Фотон-М» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Союз-У» зымыран тасығышын ұшыруға қатысты шешімді қабылдайды. Ұшырылым 2005-жылдың 31-мамырында жүзеге асырылады деп күтілуде.