Жарияланды: 400

Байқоңыр қаласында жеткіншектер жаппай бүлік шығарды

Байқоңыр қаласында 13 пен 16 жас аралығындағы 300-ге жуық жасөспірім бүлік шығарды.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Байқоңырдағы құлағдар дереккөз мәлімдегендей, тәртіпсіздіктер 7 маусымға қараған түні орын алған. Бұзақылардың жаппай бүлік шығаруына бірнеше жеткіншек пен милиция қызметкрелері арасында туындаған кикілжің себеп болған. "Өздерінің көп екенін пайдаланған жеткіншектер милиционерлер мен патруль көлігіне тас атып, шишалар лақтырған, ақырында милиция патрулі қақтығыс орнынан жедел кетуге мәжбүр болған", - дейді дереккөз. Жағдайды бақылауға алу үшін Байқоңыр ІІБ басшылығы оқиға орнына бұзақыларды құрықтау үшін жеке құрамды жіберді. Тәртіпсіздіктер таң ата тыйылды. Құқық қорғау органының қызметкерлері бес жүздей жеткіншекті құрықтады, олар таңертең үйлеріне қайтарылды. Бұл Байқоңыр жастары өткізіп отырған осындай үшінші шара. Алғашқы қақтығыс 3 маусым күні Байқоңырда қала күнін атап өткен түні болған. Ол кезде жасөспірімдер патрульдің үш адамын соққыға жығып, бір милиционердің тапаншасын тартып алған, кейін тапанша төбелес болған жерге жақын маңда қоқыс арасынан табылған. Екі күннен кейін тәртіпсіздіктер қайта қайталанды. Байқоңыр әкімшілігі мен ресейлік ІІД бұл жағдай туралы журналистерге түсінік бермей отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін