Константин Бусыгин бұған дейін Мемлекеттік шекараны орналастыру бойынша федералдық агенттіктің басшысы қызметін атқарған, деп хабарлайды Sputnik.
Келесі аптада Байқоңыр қаласында "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша үкіметаралық комиссияның отырысы болады, онда ғарыш айлағы инфрақұрылымының даму басымдықтары, "Бәйтерек" жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланып, болжам бойынша, Бусыгин жаңа қызметіне кіріседі. Байқоңырда қала басшысының ауысатыны туралы ақпарат бірнеше ай бұрын шыққан болатын. Өткен аптада нақты шешім қабылданып, дүйсенбі 30 мамыр күні екі ел президенттері жаңа басшыны бекітті.