Байқоңырда әлеуметтік қызмет түрелін көрсететін орталық ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда әлеуметтік қызмет түрелін көрсететін орталық ашылды

Байқоңырда әлеуметтік қызмет түрелін көрсететін орталық ашылды

Байқоңырда әлеуметтік қызмет түрелін көрсететін орталық ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Маусым 2003
  • 498
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен орталық құрылымында әл-ауқаты төмен азаматтарға қызмет көрсету бөлімі мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үйде әлеуметтік жедел жәрдем көрсету бөлімдері ашылды. Алдағы уақытта орталық құрамында тақыр кедейлерді жеңілдетілген бағамен күнделікті айрықша қажетті өнімдермен, соның ішінде сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге арналған дүкен жұмыс істей бастайды. Азық-түлік өнімдеріне арнап дотация бөлуді жергілікті бюджет өз мойнына алмақ.

Қалалық әлеуметтік қорғау басқармасының төрайымы Галина Попованың айтуынша, орталық сондай-ақ, медициналық және тұрмыстық қызметтер көрсету, мұқтаж жандарға емделу және демалу барысында бірге жүріп қолұшын беру міндеттерін атқаратын болады. Г.Попованың айтуынша, ең бастысы — әлеуметтік аз қорғалған топтың тұрмыстық деңгейі , тіршілік сапасы мен психологиялық ахуалды жақсартуда болып отыр. Ал келешекте орталық аясында зәру жандарға арнап тәуліктік баспана ашу да жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар