Байқоңырда АҚШ-тың Galaxy жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда АҚШ-тың Galaxy жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда АҚШ-тың Galaxy жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

"Байқоңыр" ғарыш айлағындағы №31 ұшыру алаңында АҚШ-тың "Galaxy-14" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 20 Шiлде 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Американдық мамандар ғарыштық аппараттың қозғалтқышын отын компонеттерімен толтыруға кірісті.

АҚШ-тың «Galaxy-14» телекоммуникациялық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышы «Фрегат» үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарады. Осыған байланысты №31 алаңда «Союз-ФГ» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары басталды. Қазір бас кәсіпорын мен «ЦСКБ-Прогресс» бюросының байқоңырлық филиалының қызметкерлері «Вымпел» тәжірибелік-конструкторлық бюросының пайдалану және сынақ орталығы мен «Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығының мамандары бірлесіп зымыран тасығышты пневматикалық тексеруге дайындауда. Ғарыштық аппарат 2005-жылдың 6-тамызында ұшырылады.

Перейти к новостям спорта