Федералдық өртке қарсы күрес қызметінің № 70 арнайы басқармасының кезекшісі берген мәлімет бойынша, сейсенбі күні 14 сағат 35 минутта №70 тұрғын үй пәтерінің бірінен өрт шықты деген мәлімет келіп түскен.
Осы пәтерге қарсы тұратын Сергей Горыня есімді әскери дәлізге шығып, түтіннің иісін сезеді. Осы кезде көрші әйел есігін ашады, сол сәтте оны іштегі өрт жалыны сыртқа қарай лап етіп итеріп жібереді. Әйел ас үйде екі кішкентай қызы қалғанын айтты,-дейді Сергей Горыня.
Ол қыздарды құтқармақ болып ішке енеді. «Мен ешнәрсе көрмедім, тек қонақ бөлмеде бір нәрсе жанып жатты. Мен ас үйге қарай жобалай қадам бастым. Есік іштен жабылыпты. Оны ашып, ес-түссіз жерде жатқан үлкен қызды сыртқа шығардым. Дымқыл орамалды оранып қайта ішке ендім. Бұл жолы ас үйге тез жеттім, алайда қызды сол арада таба қоймадым. Ары-бері қарап едім, сөйтсем ол үстелдің астына кіріп алып жылып отыр екен. Дауысынан ғана таптым. Көтеріп алып сыртқа шықтым», дейді ол.
Қыздар 2003 және 2005 жылдары туған. Газбен уланған оларға қалалық ауруханада медициналық қызмет көрсетілді.
Өртті сөндіруге екі өртке қарсы бөлімше жұмылдырылды. 10 шаршы метрге таралған жалынды ауыздықтауға 25 минут кетті.
Алдын-ала жасалған болжам бойынша, өртке электр желісінің тұтануы себеп болған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті