Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде
Байқоңыр. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
Кеше Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды.
"Протон-М" зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару туралы шешім 1 қарашада өткен мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.
Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.
Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.
Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін