Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде

Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде

Байқоңыр. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары екінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 3 Қараша 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

Кеше Astra-1M ғарыштық аппараты мен «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылды.

«Протон-М» зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне шығару туралы шешім 1 қарашада өткен мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар