Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышын 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар