Байқоңырда Astra-1M жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Astra-1M жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды

Байқоңырда Astra-1M жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды

Байқоңыр. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қазан 2008
  • 466
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар