Caravan Logo

Байқоңырда Astra-1M жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды

Байқоңырда Astra-1M жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышын жалпы құрастыру жұмыстары аяқталды

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.