Байқоңырда бір оқушы екі баланы өрттен құтқарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бір оқушы екі баланы өрттен құтқарып алды

Байқоңырда бір оқушы екі баланы өрттен құтқарып алды

Байқоңырда 9-сынып оқушысы екі баланы өрттен құтқарып алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық өрттен қорғау қызметінің кезекші бөлімінен хабарлады.

  • 26 Сәуiр 2005
  • 434
Фото - Caravan.kz

Өрт бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы балконда шыққан. Артынан тілсіз жау пәтердің ішіне қарай ойысқан. Соңынан белгілі болғанындай, үйде қараусыз қалған екі бала болыпты. Өртті көрші үйде тұратын №6 мектептің 9-сынып оқушысы Аймырза Ибрагимов бірінші болып көрген. Сөйтіп ол жанып жатқан пәтерге терезе арқылы кіріп, 7 жасар қыз бен 5 жасар ұлды пәтердің есігінен алып шығады. Бірнеше минуттан кейін келіп жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады.

Дәрігерлердің айтуынша, оқушы дәл дер кезінде көмекке келіпті. Түтінге толы пәтерден бүлдіршіндер өз бетімен ешқашан шыға алмас еді. Ал қазір өлім аузынан құтқарылып қалған сәбилер мен олардың құтқарушысының өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Перейти к новостям спорта