«Бриз-М» үдеткіш блогы ғарыш айлағына дүйсенбі күні кешкісін жеткізілді. «Бриз-М» үдеткіш блогы «Протон-М» зымыран тасығышымен бірге жер орбитасына Канаданың Anik F1R телекоммуникациялық жер серігін алып ұшады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы 2005-жылдың қыркүйек айында аспан кеңістігіне жол тартады деп күтілуде.
Anik F1R телекоммуникациялық жер серігі Солтүстік Америка аумағында тікелей телехабарларын таратуға арналған.