Байқоңырда бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыратын күн - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыратын күн

Байқоңырда бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыратын күн

Байқоңыр. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін Astra-1M ғарыштық аппараты мен "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыратын күн, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

Кеше Байқоңыр ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылған Astra-1M ғарыштық аппараты мен «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары үшінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілді. Зымыранға жанармай құюға дайындық жүргізілді. Зымыран тасығышқа жанармай құю туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың 6-қараша күні Астана уақытымен 02 сағат 44 минутта ұшыру жоспарланған. Бұған дейін ұшырылым екі мәрте кейінге шегерілді.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар