Байқоңырда бүгін Nimiq 4 ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылатын күні - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бүгін Nimiq 4 ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылатын күні

Байқоңырда бүгін Nimiq 4 ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылатын күні

Байқоңыр. 19 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылым күні, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі орталықтағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалуға байланысты кейінге шегерілген Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күн — 20 қыркүйектің 03 сағат 44 минутына межеленді.

Бүгін №200 алаңның ұшырылым кешенінде 15 қыркүйекте №39 алаңның ұшырылым «үстеліне» тік күйінде орнатылған «Протон-М» зымыранын ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады.

Ғарыш саласындағы кәсіпорындардың мамандары ұшырылым кестесі бойынша жұмыс істеуде. Бүгін «Протон-М» зымыран тасығышын жанармаймен толтыру жұмыстары жасалуда.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін, мемлекеттік комиссия ғарыш зымыранын ғарыштық отын құрамымен толтыру жөнінде шешімді бүгін кешке өтетін жиналыста шығаратын болады. Мемлекеттік комиссия мүшелері мен техникалық жетекшілер ғарыштық ұшырылымға арналған зымыранның дайындығын, ұшырылым қондырғысы, сондай-ақ «Протон-М» зымыран тасығышы мен Nimiq 4 жер серігінің ұшырылымына қатысы бар басқа да ғарыш айлағындағы инфрақұрылым нысандарына байланысты қорытындысын жасайды.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар