Байқоңырда бүгін "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда  бүгін "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен  "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні

Байқоңырда бүгін "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні

Байқоңыр. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін "Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 14 Мамыр 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

Бүгін №1 алаңның ұшырылым кешенінде 12 мамырда ұшырылым үстеліне орнатылған «Прогресс М-64″ жүк тасымалдаушы кораблі мен»Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылымға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде.

Ғаырш саласының мамандары бүгін таңертең ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті, олар «Союз-У» зымыран тасығышына жанармай құюға дайындайды.

Зымыран тасығышқа жанармай құю және ұшырылымды жүзеге асыру жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс, оның отырысы бүгін түстен кейін басталады. Техникалық басшылық пен мемлекеттік комиссия мүшелері зымыран, ұшырылым қондырғысы мен ғарыш айлағының ғарыштық жер үсті инфрақұрылымының дайындығын қорытындылайды.

17-ші экспедиция экипажына арналған жүк тиеген «Прогресс М-64» жүк тасымалдаушы кемесін «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 15 мамыр күні Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минут) ұшыру жоспарланған.

Прогресс М-64″ жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 17 мамырда мәскеу уақытымен 01 сағат 37 минутта түйістірілуге тиіс.

«Прогресс М-64» жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар, Халықаралық ғарыш станциясына 8 сәуірде ұшқан 17 экспедиция экипажының шығындық материалдары.

Сондай-ақ, ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 90 грузин ұлуын жеткізеді. Оларды вестибулярлық аппарат пен ұлпа жасушасының регенерациясына салмақсыздықтың етер әсері бойынша тәжірибеден өткізетін болады.

Бұл Халықаралық ғарыш станциясына жол тартқан «ғарышкер ұлулардың» жетінші экспедициясы. Ресей ғылым академиясының медициналық-биологиялық проблемалар институты оларға қатысты үш жылдан бері зерттеу жүргізуде.

Ұлулар ғарышта жарты жыл болып, қазір станцияда жұмыс істеп жатқан ресейлік ғарышкерлер Сергей Волковпен және Олег Кононенкомен бірге Жерге қайта оралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті