Байқоңырда бүгін "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бүгін "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні

Байқоңырда бүгін "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні

Байқоңыр. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кораблі мен "Союз-У" зымыран тасығышының ұшырылым күні, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бүгін №1 алаңның ұшырылым кешенінде 8 қыркүйекте ұшырылым үстеліне орнатылған «Прогресс М-65″ жүк тасымалдаушы кораблі мен»Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылымға дайындық жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде.

Ғарыш саласының мамандары бүгін таңертең ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті, олар «Союз-У» зымыран тасығышына жанармай құюға дайындайды.

Зымыран тасығышқа жанармай құю және ұшырылымды жүзеге асыру жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс, оның отырысы бүгін түстен кейін басталады. Техникалық басшылық пен мемлекеттік комиссия мүшелері зымыран, ұшырылым қондырғысы мен ғарыш айлағының ғарыштық жер үсті инфрақұрылымының дайындығын қорытындылайды.

«Прогресс М-65» жүк тасымалдаушы кемесін «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 11 қыркүйек күні Астана уақытымен 01 сағат 49 минутта (Мәскеу уақытымен 23 сағат 49 минут) ұшыру жоспарланған.

«Прогресс М-65» жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар