Байқоңырда Францияның "Сorot" жер серігі мен "Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Францияның "Сorot" жер серігі мен "Союз-2.1б"  зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңырда Францияның "Сorot" жер серігі мен "Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңырда Францияның "Сorot" (Cоnvection Rоtation and planetary transits) жер серігін алып ұшатын "Союз-2.1б" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогын ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2006
  • 504
Фото - Caravan.kz

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, жексенбі күні жергілікті уақытпен 7 сағат 30 минутта зымыран тасығыш монтаждау-сынақ корпусынан шығарылып, №31 алаңның ұшырылым кешеніне орнатылды. «Қазір Ресейдің ғарыш саласы кәсіпорындарының қызметкерлері ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін екінші күннің кестесіне сәйкес тексеруде»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұшырылым 27-желтоқсанға Астана уақытымен 20 сағат 23 минутқа межеленген. «Бұл Байқоңыр ғарыш айлағынан 2006-жылы жүзеге асырылатын соңғы ұшырылым»,- деп хабарлайды орталық.

«Сorot» -диаметрі 30 см-лік екі парабола түріндегі айналардан тұратын фокустық қашықтығы 1,1 метрлік телескоп орнатылған шағын жер серігі. Жер серігінің салмағы 600 килограмм, телескоптың салмағы — 300 килограмм.

Жоба бойынша бұл телескоп 2,5 жылда 120 мың жұлдызды бақылауға мүмкіндік беруге тиіс. Оның басты мақсаты — жұлдыздардың жарықтығындағы мардымсыз өзгерістердің өзін анықтау. Алынған ақпараттардың негізінде осы жұлдыздардың салмағын, жасы мен химиялық құрамын анықтауға, сондай-ақ Жермен бірдей мөлшердегі ғаламшарлары бар, мөлшері жағынан да бірдей жұлдыздарды табуға болады, дейді ғарыш мамандары.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта