Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді

Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді

Байқоңыр. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 8 Қазан 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бүгін «Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ), ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ), сондай-ақ, дублерлер — Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Ник Халик (Австралия) №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесінде қорытынды жаттығулар өткізді.

Жаттығулар барысында ғарышкерлер ұшу-қону креслоларының ложементтерін киіп көріп, жүктердің орналастырылуын, байланыс құралдарының жұмысын тексеріп, содан кейін «Союз ТМА-13» ғарыш кемесін тексеріп көрді.

Ұшырылымға дейінгі қалған уақытта ғарышкерлер ұшырылымның соңғы кезеңінің жоспарына сәйкес дайындалады.

Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын негізгі экипаж 11 қазанда мемлекеттік комиссияның отырысында аталады.

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар