Байқоңырда ғарыштық бас бөлік пен Astra-1M жер серігі құрастырыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда ғарыштық бас бөлік пен Astra-1M жер серігі құрастырыла бастады

Байқоңырда ғарыштық бас бөлік пен Astra-1M жер серігі құрастырыла бастады

Байқоңыр. 21 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда ғарыштық бас бөлік пен Astra-1M жер серігі құрастырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 21 Қазан 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «бүгін №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Протон-М» зымыраны мен «Бриз-М» үдеткіш блогының ғарыштық бас бөлігі құрастырыла бастады».

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың 3 қарашасында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар