Байқоңырда GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда GlobalStar ғарыштық аппараттарын  алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

Байқоңырда GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

БАЙҚОҢЫР. 28-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңырда 4 телекоммуникациялық GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы ұшыру алаңына шығарылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Мамыр 2007
  • 487
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 27-мамыр күні таңертең «Союз ФГ» зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппараттары мен «Фрегат» үдеткіш блогы орнатылған зымыранның бас бөлігі мен зымыран тасығыш түйістірілген 31-ші алаңнан шығарылып, осы алаңның ұшыру алаңына тік күйінде орнатылды.

Қазір ғарыш айлағының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кесесі бойынша жұмысқа кірісіп, жер үсті және борт жабдықтарын түйістіре бастады.

GlobalStar спутниктік байланыс жүйесі халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы дыбыстық байланыс, қысқа хат қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтерді жеткізу секілді спутниктік қызметтерді жалпы пайдаланушыларға ұсыну үшін жасалған.

«GlobalStar» спутниктік тобы төменгі орбитада Жер деңгейінен 1414 км биіктікте орналасатын 48 жұмыс және 4 қосымша спутниктен тұрады.

«Фрегат» үдеткіш блогымен және төрт GlobalStar спутнигімен «Союз-ФГ» зымыран тасығышын 31 алаңнан ұшыру 30-мамырға жоспарланып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті