Байқоңырда ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігін ұшыруға дайындалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігін ұшыруға дайындалуда

БАЙҚОҢЫР. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында ГЛОНАСС жүйесіне енетін үш жер серігін ұшыруға дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2006
  • 487
Фото - Caravan.kz

Кеше кешке «Глонасс-М» ғарыштық аппараты «Юбилейный» әуежайына жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар салынған контейнерлерді түсіргеннен кейін жер серігі ұшу алдындағы дайындықтар үшін монтаждап сынап көруге арналған корпусқа жеткізілді.

«Үш ғарыш аппараты да Байқоңырға белгіленген мерзімде жеткізілді. Ғарыш айлағында мамандар жер еріктерін ұшырылымға дайындауда. Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда»,- деп хабарлайды «Роскосмос» агенттігі.

«Глонасс-М» ғарыштық аппараты академик М.Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған. Ол Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық тобына жататын аппараттары кластерінің жер орбитасына шығарылатын үшінші жер сергі болып табылады. «Жер серіктері Ресейді навигациялық дабылдармен үзіксіз ғаламдық тұрғыда қамтуды жүзеге асыруға арналған ГЛОНАСС жүйесіндегі орбиталық топтарды өсіре түсу үшін ұшырылады»,- деп хабарлайды Федералдық ғарыш агенттігі.

ГЛОНАСС жүйесіне жататын үш ғарыштық аппаратты алып ұшатын «Протон-К» зымыран-тасығышы ғарыш айлағының 200-алаңынан 2006-жылдың 26-желтоқсанында ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта