"№92А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында үш бірдей "Глонасс-М" аппараты бір блокқа жинадып, "Протон-М" зымыран тасығышымен және ДМ үдеткіш блогымен құрастырылды".
Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.
Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған.