Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Роскосмос" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Тамыз 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше ғарыш айлағының қызметкерлері «Протон-М» зымыран тасығышын құрастырып аяқтады, ал бүгін «Протон-М» зымыран тасығышы «Бриз-М» үдеткіш блогымен және Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратымен техникалық жанармай құю станциясына жеткізілді.

Бүгін ғарыш айлағының мамандары «Бриз-М» үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын компонеттерін құя бастады.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар