Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде

Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде

Байқоңыр. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Inmarsat-4F3 жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөнінде мемлекеттік комиссияның шешімі күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 14 Тамыз 2008
  • 545
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының техникалық жанармай құю станциясында «Бриз-М» үдеткіш блогының төмен қысымды бактарына отын компонеттерін құю жұмыстары аяқталып келеді. Ғарыш айлағының мамандары зымыран тасығышты №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығаруға бағытталған соңғы іс-шараларға дайындалуда.

Inmarsat-4F3 жер серігін «Бриз-М» үдеткіш блогымен және «Протон-М» зымыран тасығышымен қоса ұшырылым кешеніне шығару жөніндегі шешімді мемлекеттік комиссияның мүшелері бүгін кешке топ жетекшілерінің есебінен кейін қабылдайды.

«Протон-М» зымыран тасығышын №200 алаңның ұшырылым кешеніне шығару, кесет бойынша 15 тамызға межеленген. Зымыран ұшырылым «үстеліне» түк күйінде қойылған соң 4 тәулік бойы зымыран мен ұшырылым жабдықтарының жүйелерін тексеру жүргізіледі.

Inmarsat-4F3 жер серігін ұшыруға арналған «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар