Жарияланды: 440

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігі мен ғарыштық бас бөлік құрастырылды

Байқоңыр. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігі мен ғарыштық бас бөлікті құрастыру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышы, "Бриз-М" үдету блогы мен Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда. Ендігі кезекте ғарыштық бас бөлік ғарыш айлағының №92 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, "Протон-М" зымыран тасығышымен құрастырылады. Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады. Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін