Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды

Байқоңыр. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 20 Қараша 2008
  • 389
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «ғарыштық зымыранның Ресейлік компоненттері : «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы ұшырылымға жоспарға сәйкес дайындалуда».

№31 алаңның жанармай құю станциясында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен Ауыр химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары «Бриз-М» үдеткіш блогының бактарына жанармай мен сұйытылған газ құйды. Бұдан кейін «Бриз-М» 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына көшірілді, онда үдеткіш блок Ciel-2 ғарыштық аппаратымен құрастырылады.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар