Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ғарыштық зымыранның Ресейлік компоненттері : "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы ұшырылымға жоспарға сәйкес дайындалуда".
№31 алаңның жанармай құю станциясында М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы мен Ауыр химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогының бактарына жанармай мен сұйытылған газ құйды. Бұдан кейін "Бриз-М" 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусына көшірілді, онда үдеткіш блок Ciel-2 ғарыштық аппаратымен құрастырылады.
Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.
Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.