Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңыр ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышы, «Бриз-М» үдету блогы мен Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Кеше 23 қарашада ғарыш айлағының №92А алаңының монтаж-сынақ корпусында шетел мамандары М.Хруничев атындағы орталық мамандарының қолдауымен Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігінің қозғалтқышына отын компоненттерін құюға кірісті.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар