Баспасөз қызметіндегілердің түсініктемесіне сәйкес, жаттығулар барысында ғарышкерлер «өздеріне жеке арналған ложементтерді киіп көріп, скафандрлардың жұмыс қабілетін тексеріп, радиобайланысы құралдарымен жұмыс істеп көреді».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 12-ші экспедицияның негізгі экипажына ресейлік Валерий Токарев бортинженер ретінде, НАСА астронавты Уильям МакАртур командир ретінде, Грегори Олсен ғарыштық турист ретінде енді. Қосалқы экипажға бортинженер ретінде ресейлік Михаил Тюрин, командир ретінде Джеффри Уильямс, сондай-ақ, Space Adventures компаниясының ресейлік өкілдігінің жетекшісі Сергей Костенко енген.
Г.Олсен — ғарышқа жол тартқалы отырған үшінші турист. Ол 2005-жылдың 11-қазанында Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан 11-ші экспедиция мүшелері — Сергей Крикалев және Джон Филипспен бірге жерге оралады.
12-ші экспедицияның мүшелерін алып ұшатын «Союз-У» ғарыш кемесі «Байқоңырдан» 1-қазанда аспан кеңістігіне жол тартады. Ғарышкерлер халықаралық ғарыш станциясында 6 ай жұмыс істейді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті