Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 9-шы пилотты экипажды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 9-шы пилотты экипажды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 9-шы пилотты экипажды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

"Байқоңыр" ғарыш айлағында Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын 9-шы пилотты экипажды ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 17-сәуірде айлақтың 17-ші алаңқайында халықаралық ұшырылымға қатысушы Ресей, АҚШ және Голландияның мемлекеттік байрақтарын көтеру рәсімі өтті.

Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, кеше ғарышкерлер Геннадий Падалка, Майкл Финк және Андре Кейперс «Союз-ТМА-4» ғарыш кемесін қабылдап алу рәсіміне қатысып, тәжірибелерге арналған жабдықтармен танысты. Сондай-ақ, «Гагарин мәресі» кешені мен ғарыш айлағы мұражайында болды. NASA астронавты Майкл Финк журналистермен кездесуде алдағы сапар туралы өз ой-көзқарасымен бөлісті. Оның айтуынша, «ресейлік ғарыш кемесіндегі сапар алғашқы сүйіс секілді қызғылықты болады дегенге сенімі зор».
16-сәуір, жұмада Байқоңырға Ресей ғарыш агенттігінің мамандары мен журналистер келуі тиіс. Сол күні «Союз-ФГ» зымыран тасығышын ұшыру алаңына шығаруға дайындықты тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. 17-сәуірде зымыран тасығыш бірінші ұшыру алаңына шығарылады деп күтілуде. 18-сәуір, жексенбіде мемлекеттік комиссия негізгі экипаж құрамын бекітеді.
Ғарыш кемесі 19-сәуірде аспан кеңістігіне жол тартады.

Соңғы жаңалықтар