Байқоңырда космонавтика күні аталып өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда космонавтика күні аталып өтуде

Байқоңырда космонавтика күні аталып өтуде

Бүгін, 12-сәуірде Байқоңырда Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күні атап өтілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Сәуiр 2005
  • 1488
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Любовь Брянцеваның айтуынша, бұл мереке кезінде Байқоңырдағылар қалыптасқан дәстүрге сәйкес тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин мен ғарыштық жүйелердің бас конструкторы Сергей Королевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қояды. Сонымен бірге бұл жерде Байқоңыр қалалық қоғам өкілдерінің митингілері өтеді. Қаланың биыл 50 жылдық мерейтойы екені мәлім.

Мерекелік шараларға Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын алдағы 11-экспедицияның қосалқы экипажының мүшелері — ресейлік ғарышкер Михаил Тюрин мен АҚШ астронавты Даниэль Тани қатысады. Ал негізгі экипаж 12-сәуірде ұшу алдындағы дайындық жұмыстары режиміне бағынады.
Сонымен бірге бүгін «Байқоңыр — Росавиакосмостың басқару пункті — Халықаралық ғарыш станциясы» аралығында алғаш рет үш жақты телекөпір ұйымдастырылып, оның барысында ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеп жатқан Салижан Шәріпов пен Лерой Чиаоны космонавтика күнімен құттықтап, алдағы түйісу туралы талқылайды.
1961-жылдың 12-сәуірінде Ю.Гагарин адамзат тарихында тұңғыш рет ғарышқа жол тартқаны мәлім. «Восток» ғарыш кемесімен ол 1 сағат 48 минутта жер шарын айналып шықты.
«Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихында одан ғарыштық мақсаттағы 1235 зымыран мен 1195 құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшырылды. Әскери, ғылыми, халықшаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы 1400 ғарыш аппараты түрлі орбитаға шығарылды. Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын келесі ғарыш кемесі 15-сәуірде ұшырылады.

Перейти к новостям спорта