Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 7 Қазан 2008
  • 391
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар