Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде
Байқоңыр. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. |
Бүгін техникалық жанармай құю станциясында Astra-1M телекоммуникациялық жер серігіне жанармай құю жұмыстары жүргізілуде.
Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.
Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.
Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін