«М. В. Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының» ғарыштық-зымырандық техниканы пайдалану зауытының мамандары ғарыш айлағындағы жер үсті инфрақұрылымын дайындауға кірісті»,- деп хабарлайды «Роскосмос» агенттігінің баспасөз қызметі. «Олар зымыран тасығыш пен үдеткіш блокты құрастыру мен сынақ жұмыстарына арналған техникалық және ұшырылым кешендерін дайындау, зымыранның бас бөлігі мен ғарыштық аппаратты құрастыру міндеттерін атқаратын болады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Таяу уақыттарда «Протон-М» зымыран тасығышы ғарыш айлағына жеткізіледі. Ал «Measat-3» ғарыштық аппараты 13-қарашада жеткізілуге тиіс.
«Measat-3» ғарыштық аппаратын жер орбитасына шығаратын «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы желтоқсан айының алғашқы жартысында ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті