А.Тоқсанованың айтуынша, шетелдіктерді «Байқоңыр» кешені ІІБ-ның қызметкерлері №37 алаң маңында қолға түсірген. Олардың арасында екі Ауғанстан, бір Пәкістан және екі Қазақстан азаматы болған.
Тексеру барысында ұсталған шетелдіктердің Қазақстанға келуге рұқсат беретін визасының бар екені, олардың Алматыдағы металл қалдықтарын жинаумен шұғылданатын фирманың өкілі екені анықталды. Бірақ олар ғарыш айлағы аумағына заңсыз өтіп кеткен. «Ауғанстан және Пәкістан азаматтары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Шетел азаматтарының Қазақстанда болу ережелерін бұзуы» жөніндегі 394-бабы мен ҚР үкіметінің шетелдіктердің келуіне тыйым салынған жабық нысан ретіндегі Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы №153 қаулысының нормаларын бұзған»,- деді А.Тоқсанова.
Заң бұзушылар Қызылорда облыстық көші-қон полициясы басөқармасына тапсырылды.