«Ғарыш аппараты мен зымыран тасығышқа қатысты жұмыстар кестеге сәйкес жүзеге асырылуда. 112-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран-тасығыш пен аппаратты құрастыру жұмыстары жүргізілуде».
Байқоңырдан «Метоп» жер серігін алып ұшатын «Союз- 2.1а» зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға Астана уақытымен 22 сағат 28 минутқа белгіленді .
Жаңа «Союз- 2.1а» зымыран тасығышы сандық есептік техникамен жабдықталған, телеметрия жүйелері жаңартылған. Зымыран тасығыш жер орбитасына дүниежүзіндегі ең қуатты еуропалық «Метоп» метеорологиялық жер серігін шығаруға тиіс. «Метоптың» технологиялық жабдықтары Жер бетінің температурасы мен ылғалдылығын жоғары дәлдікпен өлшеуге, сондай-ақ, ауадағы озан деңгейі мен мұхиттың үстіндегі ауа ағынын қадағалауға мүмкіндік береді.
Еуропа ғарыш агенттігі мен Еуропаның метеорологиялық жер серіктерін пайдалану жөніндегі ұйымы EUMETSAT арасындағы ынтымақтастық аясында «EADS Astrium» компаниясы жасаған Metop деп аталатын метеорологиялық аппарат әлемдегі ең қуатты метеорологиялық жер серігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті