Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылға дайындығы одан әрі жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылға дайындығы одан әрі жүргізілуде

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылға дайындығы одан әрі жүргізілуде

Байқоңыр. 18 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылға дайындығы одан әрі жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 18 Қыркүйек 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалуға байланысты кейінге шегерілген Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күн — 20 қыркүйектің 03 сағат 44 минутына межеленді.

Ұшырылым кешенінде зымыран тасығышқа жанармай құюға дайындық жұмыстары мен жанармай құюдың имитациясы жасалуда.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар