Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді

Байқоңыр. 17 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 372
Фото - Caravan.kz

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалған, оны запасқа ауыстыру қажет». Жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымын жүзеге асыратын күні мен сағаты кейін нақтыланады.

Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышы 2008 жылдың 19-шы қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген болатын.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті