Caravan Logo

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді

Роскосмос баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалған, оны запасқа ауыстыру қажет". Жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымын жүзеге асыратын күні мен сағаты кейін нақтыланады.

Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 19-шы қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген болатын.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.