Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Байқоңыр. 17 қыркүйек."Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді, деп хабарлайды агенттік тілшісі М.Хруничев атындағы орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 434
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалуға байланысты кейінге шегерілген Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күн — 20 қыркүйектің 03 сағат 44 минутына межеленді.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті