Caravan Logo

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Байқоңырда Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күнге белгіленді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ұшыру кешеніндегі сынақтар кезінде зымыран-тасығышты басқару жүйесінің бір аспабының жұмысында ауытқушылықтар байқалуға байланысты кейінге шегерілген Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы резервтегі күн - 20 қыркүйектің 03 сағат 44 минутына межеленді.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.