Жарияланды: 470

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде

Байқоңыр. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше "Прогресс М-01М" жүк кораблі стендтен жаңғырықсыз камераға жеткізілді. Ғарыш саласының мамандары корабльдің радиржүйелерін, бірінші кезекте корабльдің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін қамтамасыз ететін "Курс" жүйесін тексеруде. "Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған. "Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында ұшырылады деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін