Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде

Байқоңыр. 23 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблі жаңғырықсыз камерада сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Қазан 2008
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» ғарыш орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше «Прогресс М-01М» жүк кораблі стендтен жаңғырықсыз камераға жеткізілді.

Ғарыш саласының мамандары корабльдің радиржүйелерін, бірінші кезекте корабльдің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін қамтамасыз ететін «Курс» жүйесін тексеруде.

«Прогресс М-01М» жаңа, төрт жүзінше сериялы «Прогресске» жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.

«Прогресс М-01М» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

«Прогресс М-01М» жүк кемесі «Союз-У»зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар