"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше "Прогресс М-01М" жүк кораблі стендтен жаңғырықсыз камераға жеткізілді.
Ғарыш саласының мамандары корабльдің радиржүйелерін, бірінші кезекте корабльдің Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін қамтамасыз ететін "Курс" жүйесін тексеруде.
"Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.
"Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.
"Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында ұшырылады деп жоспарланған.