Жарияланды: 340

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға арналған "Союз-У"зымыран тасығышының дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға арналған "Союз-У"зымыран тасығышының дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №112 алаңының монтаж-сынақ корпусында айлаққа 15 қарашада жеткізілген "Союз-У"зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар зымыран тасығыштың сатылары мен блоктарын құрастыруда. "Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған. "Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін