Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №112 алаңының монтаж-сынақ корпусында айлаққа 15 қарашада жеткізілген «Союз-У»зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар зымыран тасығыштың сатылары мен блоктарын құрастыруда.
«Прогресс М-01М» жаңа, төрт жүзінше сериялы «Прогресске» жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.
«Прогресс М-01М» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.
«Прогресс М-01М» жүк кемесі «Союз-У»зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті