Caravan Logo

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға арналған "Союз-У"зымыран тасығышының дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға арналған "Союз-У"зымыран тасығышының дайындық жұмыстары жүргізілуде

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №112 алаңының монтаж-сынақ корпусында айлаққа 15 қарашада жеткізілген "Союз-У"зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мамандар зымыран тасығыштың сатылары мен блоктарын құрастыруда.

"Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған.

"Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

"Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған.