Жарияланды: 340

Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Прогресс М-01М" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Сандық басқару жүйесі бар бірінші жүк кораблі монтаж-сынақ корпусында көшпелі отсекпен түйістіріліп, енді авторлық тексеру мен бас обтекательдің накаткасына дайындалуда. "Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған. "Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін